NU халықаралық олимпиадасы
Халықаралық олимпиада 2027

Жүлделі орныңыз —Nazarbayev University-геапаратын жолыңыз

- AI & Critical Thinking
- Global Challenges


Nazarbayev UniversityАстана, Қазақстан
2027 жылғы ақпан–наурызio.nu.edu.kz
01 · Олимпиада туралы

10–12 сыныпоқушыларына арналғанзияткерлік байқау

Қазақстан мен басқа елдердің оқушыларына арналған. Барлық тапсырма ағылшын тілінде өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер (I, II және III орын) Nazarbayev University-де оқу үшін қаржылай қолдау алуға мүмкіндік алады, сондай-ақ демеушілерден бағалы сыйлықтар беріледі. Қаржылай қолдау мен шарттар туралы толық ақпарат кейінірек жарияланады.

Қайда
I кезең — онлайн
II кезең — күндізгі, Астана
Қашан
Тіркелу — 10 ақпанға дейін
I кезең — 15 ақпаннан басталатын апта
II кезең — 2027 жылғы 27–28 наурыз
Кімге
10–12 сынып оқушылары, Қазақстан және басқа елдер
Тіл
Ағылшын тілі
02 · Олимпиада бағыттары

Екі бағыттыңбірін таңдаңыз

Қызығушылығыңызға қарай екі бағыттың бірін таңдаңыз. Екі бағыт та ағылшын тілінде өтеді.

01EN

Artificial Intelligence & Critical Thinking

Жасанды интеллект, деректер және логика: шынайы өмірден алынған есептерді шешіңіз.

AI · Data · Logic
02EN

Global Challenges

Тұрақты даму және мәдениетаралық коммуникация: жаһандық мәселелерді талдаңыз.

Sustainability · Cultures · Language
03 · Олимпиада қалай өтеді

Екі кезең.12 жеңімпаз бен жүлдегер.

I кезең қорғалған онлайн-платформада өтеді. Қорытынды кезең Астанадағы Nazarbayev University кампусында күндізгі форматта өтеді.

Iкезең
2027 жылғы 15 ақпаннан басталатын апта

Онлайн кезең

Екі бағыттың бірі бойынша ағылшын тіліндегі тест тапсырмалары. Тіркелу 10 ақпанда жабылады.

400
Финалистер

Финалға шақыру

Ең жоғары балл жинаған 400 қатысушы. Тізім олимпиаданың ресми сайтында жарияланады.

IIкезең
2027 жылғы 27–28 наурыз

Күндізгі кезең, Астана

Финалистер таңдаған бағыты бойынша олимпиада тапсырмаларын орындайды.

12
I · II · III орындар

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер

Марапаттау салтанаты кампуста өтеді.

04 · Олимпиада ережелері

Қатысуғаүш қадам

Қолданыстағы электрондық пошта мекенжайын көрсетіп, кіріс хабарламаларды үнемі тексеріп отырыңыз.

01

Тіркеліңіз

«Тіркелу» батырмасын басып, міндетті өрістерді толтырыңыз.

02

Қатысу жарнасын төлеңіз

Тіркеу жарнасын төлеңіз — одан әрі нұсқаулық электрондық поштаңызға жіберіледі.

03

Растау хатын алыңыз

Бірінші кезең алдында платформа сілтемесін, логин мен құпиясөзді жібереміз.

Хат келмеді ме? «Спам» қалтасын тексеріңіз. Тіркелу →
05 · Неліктен қатысу керек?

Олимпиададанда артық

Nazarbayev University студенттері

Қызықты әрі әділ тапсырмалар

Біз жаттанды ақпаратты емес, білімді, логиканы және оны тәжірибеде қолдана білу қабілетін тексереміз.

Халықаралық формат

Сіз түрлі елдердің құрдастарымен бақ сынайсыз, ал барлық кезеңдер ағылшын тілінде өтеді.

NU-ды ішінен көру мүмкіндігі

Финалистер кампуста болып, білім беру іс-шараларына қатысады және университеттегі оқу үдерісімен танысады.

Нәтижеге берілетін марапаттар

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Nazarbayev University-де оқу қаржылай көмегіне және олимпиада демеушілерінің бағалы сыйлықтарына ие болады.

06 · Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатынсұрақтар

Қатысу, финал және гранттар туралы білуге қажетті ақпараттың бәрі.

Олимпиадаға кімдер қатыса алады?
Олимпиадаға Қазақстан мен басқа елдердің 10–12 сынып оқушылары қатыса алады.
Қандай жүлделер мен марапаттар қарастырылған?
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Nazarbayev University-де 4 жыл оқуға қаржылай көмекке, сондай-ақ олимпиада демеушілерінің бағалы сыйлықтарына ие болады. Барлық финалистерге университет атынан естелік сыйлықтар табысталады.
Олимпиада қандай кезеңдерден тұрады?
Олимпиада екі кезеңнен тұрады: I кезең — онлайн (ақпан 2027). Қатысушылар қорғалған платформада тестілеуден өтеді. Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша ең көп балл жинаған 400 қатысушы финалға өтеді. II кезең — офлайн (наурыз 2027). Финалистер Астанадағы Nazarbayev University кампусында тапсырмалар орындайды.
Қалай тіркелуге болады?
«Тіркелу» батырмасын басып, міндетті өрістерді толтырыңыз және тіркеу жарнасын төлеңіз. Одан әрі не істеу керектігі туралы нұсқаулық электрондық поштаңызға жіберіледі.
Тіркелгеннен кейін не істеу керек?
Тіркелгеннен кейін электрондық поштаңызға растау хаты келеді. Бірінші кезең басталар алдында біз сізге онлайн-тестілеу платформасының сілтемесін, сондай-ақ жеке логин мен құпиясөзді жібереміз. Хат келмесе, «Спам» қалтасын тексеріңіз. Қолданыстағы электрондық пошта мекенжайын көрсетіп, кіріс хабарламаларды үнемі тексеріп отырыңыз.
Қаржылай көмек алу үшін жеңімпазға қосымша емтихан тапсыру керек пе?
Иә. Қаржылай көмек алу үшін жеңімпаздар мен жүлдегерлер жалпы балы 6.0-ден төмен емес IELTS сертификатын ұсынуы тиіс.
Финалистер мен жеңімпаздар қалай анықталады?
Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша ең жоғары балл жинаған 400 қатысушы офлайн кезеңге шақырту алады. Финалдық кезеңнің қорытындысы бойынша өз бағыттарында олимпиадалық тапсырмаларды сәтті орындап, ең жоғары нәтиже көрсеткен 12 үздік қатысушы анықталады.
Қандай мамандықтарға қаржылай көмек алуға болады?
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер олимпиаданың таңдалған бағытына сәйкес келетін Nazarbayev University білім беру бағдарламалары бойынша оқу қаржылай көмегін ала алады. Таңдалған білім беру бағдарламасы қатысушы жүлделі орын алған бағытқа сәйкес болуы шарт.
Қаржылай көмектен бас тартуға бола ма?
Иә. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер алған сертификатты пайдалану немесе қаржылай көмектен бас тарту туралы шешімді өздері қабылдайды.